Мекеменің атты: ЖШС «NURSULTAN 7777» бөбекжай-балабақшасы
Құрылтайшы: Шавлетова Асем Құдайбергенқызы
Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Алтын Орда, 7Е
Телефон: 8 7756450449
Электронная почта:
Инстаграмм: Nursultan_balabakcha_batys2
Салынған жылы: 2022 жыл
Ашылған жылы: 2023 жыл
Қабаттар саны: 2
Жоба қуаттылығы: 294 бала
Бала саны: 294 бала
Топ саны: 12 топ
Оқыту тілі: қазақ
Штаттық кестесі бойынша қызметрлер саны: 61,5; педагогтар саны -26, техперсонал – 18 қызметкер.
Материалдық-техникалық базасы.
«NURSULTAN 7777» бөбекжай-балабақшасы балалардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасалған мектепке дейінгі ұйымдарының бірі. Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдай жасау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздік шарттар құрылды: күзеті бар, аумағы заманауи абаттандырылған, бейнедомофон, сыртқы және ішкі бейнебақылау (32 бейнекамера), күзет-өрт дабылы жүйесі, қауіпсіз пәндік-кеңестік даму ортасы.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар мен мүмкіндіктері шектеулі келушілер үшін бөбекжай-балабақшасының аумағында және ғимаратында арнайы жағдайлар жасалған: пандус, кең кіреберістер, дәретханалардағы арнайы құрылғылар.
Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайту және жан-жақты даму үшін қосымша білім беру қызметтер ұйымдастырылған: логопедпен сабақтар, шебер қолдар, хореография, ағылшын тілі, таэквандо, робототехника, тұзтерапия.
Инновациялар:
2025 жыл. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ 12.03.2025 жылдың №119 бұйрығы «Жасыл балабақша» республикалық бағдарлама бойынша пилоттық мекеме болып тағайындалған..
2025 жыл Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрілігінің 24.11.2025 жылдың «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасын өткізу туралы №265 бұйрығы негізінде 2026 жылғы қаңтар мен желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының 100 мектепке дейінгі ұйым тізбесіне ЖШС «NURSULTAN 7777» бөбекжай-балабақшасы қосылған.
Меңгеруші: Уркимбаева А.Ж. Жалпы еңбек өтілі - 38 жыл жоғары, жоғары білімді, 2022 жылдан бастап «Басшы-Көшбасшы» біліктілік санаты бар. 2017 жылда Ы.Алтынсарин төс белігісі және 2021 жылда «Мейірім-әлемге махаббатпен» А.Аймағамбетов білім министрінің төс белгісімен марапатталды.
